Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойыны қарсаңында соңғы жаттығуын өткізді. Бірақ команданың басты жұлдызы Килиан Мбаппе тәртіп бұзып, дайындыққа екі минутқа кешіккені белгілі болды.
Француз шабуылшысының бұл әрекетіне қатысты бас бапкер Хаби Алонсо қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз. Дисциплинарлық жаза қолдану мәселесі команданың ішкі шешіміне байланысты болмақ.
Айта кетейік, кеше «Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик тәртіпке ерекше мән беріп, ойын алдындағы жиналысқа бір минутқа кешіккен Рафиньяны «Валенсияға» қарсы матчта қосалқы құрамда қалдырған еді.