Түркия Суперлигасының «Истанбул Башакшехир» клубы жаңа бас бапкер ретінде Нури Шахинмен үш жылдық келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады.
Келісімшартқа қол қою клубтың баспасөз залында өтті. Шараға «Башакшехир» президенті Гёксель Гюмюшдаг қатысып, жаңа бапкерге зор сенім білдірді.
«Біздің клубтың стратегиясын жетілдіріп, жас буынды дамытуда Нури Шахиннің тәжірибесі үлкен рөл атқарады», – деді клуб басшысы.
Шахин – түрік футболының танымал тұлғаларының бірі. Бұған дейін ойыншы ретінде де, бапкерлік қызметте де өзін жақсы қырынан көрсете білді. Енді ол «Башакшехирдің» тактикалық бағытын анықтап, команданың жаңа деңгейге шығуына жауапты болады.
Қазір «Башакшехир» сапында өзбек футболшылары Аббосбек Файзуллаев пен Элдор Шомуродов өнер көрсетіп жүр. Соңғысы өткен турда «Бешікташтың» қақпасына алғашқы голын соғып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.