Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қуан Қызылорда! 11 мың орындық жаңа стадион есігін айқара ашпақ

Сарапшы, спорт журналисі
16.09.2025, 14:32

Осылайша арена аймақ спортының дамуына серпін беріп, әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдайтын орталыққа айналғалы тұр. 

Sports24.kz
Реклама
Реклама

Қызылорда қаласында халықаралық стандартқа сай, 11 мың көрерменге арналған жаңа Орталық стадион құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысан аймақ спортының дамуына серпін беріп, әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға мүмкіндік жасайды.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс барысын арнайы бақылап, мердігер компания мен жауапты басқарма өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрайтын стадион УЕФА талаптарына сәйкес салынуда. Арена тек футбол матчтарын ғана емес, бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, ауыр атлетика, таэквондо, спорттық гимнастика сияқты түрлі спорт түрлерінің дамуына жол ашады.

Фото: Kpl.kz

Үш қабатты нысан

Стадионның ішкі құрылысы жан-жақты ойластырылған:

  • 1-қабат – жаттығу залдары мен спорттық инфрақұрылым;
  • 2-қабат – әкімшілік кабинеттер;
  • 3-қабат – спортшыларға арналған бөлмелер мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу орындары.

Бұған қоса, фитнес орталықтары мен заманауи жабдықталған залдар спортшылардың кәсіби деңгейде дайындалуына жағдай жасайды.

Жанкүйерлер үшін жаңа дәуір

11 мың жанкүйерге арналған бұл стадион – тек футболдың емес, жалпы спорт мәдениетінің орталығына айналмақ. Енді қызылордалықтар әлемдік деңгейдегі жарыстарды өз қаласында тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары