Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан келесі Әлем чемпионатына қатысуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
24.09.2025, 09:46

ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын 64 команда қатысатын форматта өткізуі мүмкін.

Қазақстан ұлттық құрамасы
Реклама
Реклама

Футбол жанкүйерлері көптен күткен өзгерістердің куәсі болғалы тұр. Әлем чемпионатының жаңа форматы тарихтағы ең ауқымды тәжірибелердің бірі болмақ.

«Ұйым Оңтүстік Америка футбол қауымдастықтары одағының (КОНМЕБОЛ) рекордтық кеңейту туралы ұсынысын қолдайды. Бұл жағдайда турнир 16 топтан тұрады, әр топта төрттен команда болады. Әр топтан екі үздік құрам плей-офф кезеңіне шығады. Ойындар Испания, Португалия, Марокко, Аргентина, Парагвай және Уругвайда өтеді. Әлем чемпионатының үш тобының матчтары толықтай Оңтүстік Америка елдерінде өтеді, ал қалған кездесулер Еуропа мен Африкада ұйымдастырылады.

Бұған дейін ФИФА қатысушылар санын 32-ден 48 командаға дейін көбейткен болатын және, көріп тұрғанымыздай, мұнымен тоқтамайтын сыңайлы», — деп жазады аргентиналық басылым.

Алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатына 48 құрама қатысады. Осы кеңеюдің арқасында көптеген елдер алғаш рет мундиальға жолдама алды (Өзбекстан, Иордания). Егер қатысушылар саны тағы да артатын болса, Қазақстанның да әлем чемпионатына шығу мүмкіндігі көбейеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан Уэльспен (0:1) ойында ұтылып, басты футбол турниріне қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары