Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жаңа маусымның сенсациясы: «Каспий» ҚПЛ-ға оралды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 21:59

2026 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа қатысушысы белгілі болды. Ақтаудың «Каспий» клубы елдің басты футбол аренасына қайта қадам басты.

lada.kz
Реклама
Реклама

Матч барысы

«Каспий» шешуші кездесуде өз алаңында «Ақтөбе-М» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

35-минутта Бақдәулет Көңлімқос есеп ашса, үзілістен кейін Берік Айтбаев басымдықты еселей түсті.

Қонақтар сапынан 50-минутта Мирас Ұманиязов жауап қатқанымен, интрига ұзаққа созылмады. 90+2-де Әлихан Серікбай соңғы нүктені қойып, жеңісті қақпайлады.

Турнир кестесі мен интрига

Бұл жеңістен кейін «Каспий» 59 ұпай жинап, маусым соңына дейін үш тур қалғанда-ақ ҚПЛ-ға жолдаманы ресми түрде кепілдендірді.

Қалған бәсекелестердің жағдайы да қызық:

«Ертіс» (Павлодар) — 54 ұпаймен екінші орында.

«Алтай» (Өскемен) — 48 ұпай.

«Шахтер» (Қарағанды) — 47 ұпай.

Екінші орын үшін нағыз «қазақ дербиі» стиліндегі қақтығыс күтіп тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары