Естеріңізге салсақ, Әли Ханалиұлы Бельгиядан ойсырай ұтылып қалған соң ұлттық құрама тізгінінен кеткен болатын.
Алдағы екі ойынға Қазақстан құрамасын бас бапкер ретінде Талғат Байсұфинов басқаратын болады, ал Әли Әлиев оның бірінші ассистенті қызметін атқарады.
Журналист Елдар Аманбаевтың дерегіне сүйенсек, Талғат Мәруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн және Солтүстік Македониямен болатын ойындарда дайындайды. Өз кезегінде Әли Әлиев оның бірінші көмекшісі болады.
Еске сала кетейік, 10 қазанда қазақстандықтар Лихтенштейнге қарсы өз алаңында ойнайды, ал 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македониямен сырт алаңда кездеседі.
Талғат Байсұфинов — белгілі қазақстандық бапкер, ол бұған дейін екі рет ұлттық құраманы басқарған (2016-2017 және 2020-2022 жылдары).