«Реал» Алматыдағы қонақүйге қанша ақша шашты?
30.09.2025, 17:39
Мадридтік «Реал» Алматыға келген сапарында футболшыларының тыныштығын қамтамасыз ету үшін InterContinental қонақүйінің барлық бөлмесін түгел жалға алды.
instagram/@realmadrid
Ол үшін клуб шамамен 276 миллион теңге төлеген. Бұл сома шамамен 500 мың доллардан асады.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бөлмелер 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығына броньдалған. Орташа есеппен:
- стандарт нөмір құны – 375 доллар тәулігіне,
- люкс нөмірлері – 650 доллар.
InterContinental-де барлығы 277 бөлме бар. Соған қарамастан жанкүйерлер футболшылар тоқтаған қонақүйді айнала қоршап, командаға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Испаниялық клубтың Қазақстанға келген делегациясы 40 адамнан астам құрамды қамтиды. Бұл сапар Еуропаның атақты клубының Алматыға жасаған ең ірі ұйымдастырушылық қадамдарының бірі ретінде тарихта қалды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама