Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Еспанов пен Майғазиевтің ұлы миллионер болды ма? «Қайрат» – «Реал» матчы алдындағы даулы сауда

Сарапшы, спорт журналисі
30.09.2025, 18:00

Алматыдағы дүрбелең: қымбат билет дауы. 

kursiv.kz
Реклама
Реклама

Матч қарсаңындағы ажиотаж

Алматыдағы тарихи «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы алдындағы басты тақырыптардың бірі – билет бағасының аспандап кетуі. Белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов Instagram желісінде кемінде 20 билет саудаға шығарған. Бір билеттің бағасы 494 мың теңгеден басталып, 768 мың теңгеге дейін жеткен.

Сонымен қатар клуб қызметкерлеріне арналған тегін шақыру билеттері де делдалдар арқылы 500 мың теңгеге дейін сатылған.

«34 сектор, 9 қатар, 7–8 орын. Бір билет бағасы – 500 мың теңге. Бұл Қайрат қызметкерлеріне арналған шақыру билеттері. ЖСН қажет емес, кіргенде QR кодты көрсетесіз. Кішкене жеңілдік жасауға болады», – деп жазды Олжас Еспанов.

Әділет Майғазиев те билет сатқан ба?

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Майғазиев те әлеуметтік желіде билеттер ұсынған. Оның бағасы 350 мың теңгеден басталған. Бұл ақпарат тарап кеткен соң екі тарап та стористерін өшіріп тастаған. 

Kursiv.Media тілшісінің сауалына Олжас Еспанов алыпсатарлыққа қатысы жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, билеттер өзінікі болмаған, ол тек басқа адамдардың өтінішімен парақшасына жариялаған.

«Сатып жатқан адамнан сұраңыздаршы, менен емес. Мен тек парақшама салып бердім, болды. Ондай билеттер өзімде болса, бармаймын ба? Маған жала жаппаңыздар, мән-жайды анықтап жазыңыздар», – деді ол.

Сонымен қатар өзінен ешкім нақты билет сатып алмағанын алға тартты:

«Менен ешкім билет алған жоқ, оған 100% кепілдік бере аламын», – деп сендірді Еспанов.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары