Реклама
Реклама

Мбаппе хет-трик жасап, «Қайратты» талқандады

Сарапшы, спорт журналисі
30.09.2025, 23:48

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 2-тур ойыны «Қайрат» жанкүйерлеріне ауыр соққы болды. «Реал Мадрид» 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

instagram/@f.c.kairat

Жеңімпаздар сапында Килиан Мбаппе хет-трик жасаса, Эдуарду Камавинга мен Браим Диас бір-бір голмен ерекшеленді. 

Алматылықтар жалпы кезеңде «Реалдан» бөлек, келесі «Пафос» (Кипр), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия) және «Арсеналға» (Англия) қарсы ойнайды. 

Бұл тізім «Қайраттың» алдында үлкен сынақ күтіп тұрғанын көрсетеді.

Еске салайық, 1-турда «Қайрат» сырт алаңда лиссабондық «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылды. Ал «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді.

Реклама
Реклама