Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының экс-капитаны Асхат Тағыберген төртінші рет әке атанды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 07:00

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, «Тобыл» футбол клубының ойыншысы Асхат Тағыберген әке атанды.

Асхат Тағыберген. Фото: ҚФФ
Реклама
Реклама

Бұл сүйінші хабар Қазақстан футбол федерациясының ресми парақшасында жарияланды.

«Футболшы Асхат Тағыберген мен жұбайы Махаббатты отбасындағы үлкен қуаныштарымен – төртінші перзентінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, «Тобылдың» қазіргі ойыншысы үшін бұл сәт – әкелік бақыттың тағы бір шуағы. Жаңа туған сәбидің бауы берік болып, ғұмыры ұзақ, өмірі шаттық пен берекеге толы болсын!», - делінген хабарламада.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап, жүрекжарды тілектерін білдірді. «Керемет, дәл «Қайрат» пен «Реалдың» матчы өткен күнге сәйкес келді», «Есімін Жеңіс қояйық», «Бауы берік болсын!», «Тарихи күндегі қуанышты хабар» деген жылы пікірлер жазылды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары