Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Давид Алаба "Қайратқа" қарсы ойын туралы: "Біз ондайды күтпедік"

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:39

"Реалды" австриялық қорғаушысы ойын туралы өз пікірін білдірді.

"Реал Мадрид" баспасөз қызметі
Реклама
Реклама

Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Давид Алаба алматылық «Қайратты» Чемпиондар лигасында 5:0 есебімен жеңгеннен кейінгі сұхбаты:

— Сіз ұзақ уақыттан кейін алаңға оралдыңыз. Өз формаңыздың шыңын қашан көреміз?

“Мен өз деңгейіме қайтып келдім бе? Иә, формамды қайтардым. Бүгін соны көрсеттім. Әрине, алаңда көп минут ойнауым керек, сонда өзім қалаған ойынды көрсете аламын. Көп матчтарды өткізіп алдым, сондықтан алаңға қайта шығып, алғашқы минуттарымды алғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін өте маңызды.”

— Алғашқы 20 минутта қарсыластың ойынына бейімделу сізге қиын болғандай көрінді.

“Алғашқы 20 минутта «Қайрат» бізді жоғары қарқынмен прессингке алды. Біз ондайды күтпедік. Бірақ менің ойымша, біз жағдайды бақылауда ұстадық, ойынды да бақыладық. Бұл матчқа өте байыппен қарадық. Бірінші таймда кейде допты жоғалтып алдық, бірақ кейін тамаша ойын көрсеттік,” — деді Алаба Okko эфирінде.

Естеріңізге салсақ, кешегі ойында «Реал Мадрид» 5:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Килиан Мбаппе хет-трик жасаса, Эдуарду Камавинга мен Браим Диас бір голмен ерекшеленді.

Алматылықтар жалпы кезеңде «Реалдан» бөлек, келесі «Пафос» (Кипр), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия) және «Арсеналға» (Англия) қарсы ойнайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары