Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жозе Моуринью: «Менің печеньем қайда?»

Сарапшы, спорт журналисі
01.10.2025, 14:30

Чемпиондар лигасының кезекті ойынында күтпеген қызықты сәт тіркелді. Лиссабонның «Бенфикасы» «Челсиге» қарсы матчта 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Алайда бұл нәтиже португалиялық клубтың бас бапкері Жозе Моуриньюның көңіл-күйін түсірген жоқ. Керісінше ол баспасөз мәслихатында күлкі шақыратын әрекет жасады.

goal.com
Реклама
Реклама

Печенье сұраған Моуриньо

Ойыннан кейінгі кездесуде тәжірибелі маман күліп тұрып, залдағы әріптесіне:
«Менің сүйікті печеньем қайда?» – деп сауал қойды.

Бұл жердегі әңгіме – лондондық «Челсиде» ұзақ жылдар қызмет атқарған Брайан Пуллман туралы еді. Ол клубта 56 жыл жұмыс істеп, 2024 жылы зейнетке шыққан. Бірақ сейсенбі күні арнайы «Стэмфорд Бриджге» келіп, Моуриньюге оның сүйікті тәттісін жеткізуді ұмытпаған.

Жылы жүздесу

Журналистер залына кірген Пуллман дастарқан сүлгісін ашып, ондаған кремді печеньені көрсетті. Португалиялық бапкер әуелі екеуін алды, кейін орнынан тұрып бара жатып қалғанын түгел өзімен бірге алып кетті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары