Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

УЕФА турдың үздік сейві үшін дауыс беруді бастады: Шерхан Қалмырза алдыңғы қатарда

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:19

18 жастағы “Қайрат” қақпашысы Шерхан Қалмырзаға УЕФА тағы да назар аударды. Оның “Реалға” қарсы ойындағы сейві Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы үздік сейвтер қатарына енді.

Шерхан Қалмырза. Фото: ФК "Қайрат"
Реклама
Реклама

Чемпиондар лигасының ресми Instagram аккаунтында турдың ең үздік сейвіне ашық дауыс беру басталды. Тізімде 4 қақпашы бар – “Галатасарай” қақпашысы Угурджан Чакыр, “Челси” қақпашысы Роберт Санчес, “Аякс” қақпашысы Витезслав Ярош және 18 жастағы “Қайрат” қақпашысы Шерхан Қалмырза.

Дауыс беруде “Қайрат” – “Реал” матчының эпизоды ұсынылған. Бұл сәтте Қалмырза Килиан Мбаппенің соққысын әдемі қайтарып, оның есепті ұлғайтуына жол бермеді.

“Қалмырза, әрине”, “Қалмырза – нағыз сұлтан, Қазақстанның мақтанышы”, “Қалмырза тағы да нағыз қақпашы екенін дәлелдеді”, – деп қазақстандық жанкүйерлер парақшада пікір қалдыруда.

Еске салсақ, матч 0:5 есебімен “Реалдың” пайдасына аяқталды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі келесі ойынды “Қайрат” 21 қазанда өз алаңында өткізеді. Қарсыласы – Кипрдің “Пафосы”.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары