Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Небәрі 3800 теңге: «Интер» — «Қайрат» матчына билеттер сатылымға шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 07:00

«Қайрат» Чемпиондар лигасы аясында әйгілі «Сан-Сиро» стадионында өнер көрсетеді.

Коллаж
Реклама
Реклама

Италиядағы билет бағасы мен Қазақстандағы жағдай

Футбол – тек ойын емес, ол елдің мәдениеті, қоғамдағы қолжетімділіктің бір көрінісі. Ал билет бағасы мен жалақы деңгейін салыстыру арқылы әр елдегі жанкүйердің жағдайын анық байқауға болады.

6 қараша күні әйгілі «Сан-Сирода» стадионында өтетін матчтың билеттері былайша бөлінеді:

  • Terzo Rosso – 6 € = 3 840 тг
  • Terzo Rosso Centrale – 10 € = 6 400 тг
  • Secondo Rosso Centrale – 19 € = 12 160 тг

Орталық секторлар:

  • Tribuna Arancio 158 – 55 € = 35 200 тг
  • Tribuna Arancio Central – 59 € = 37 760 тг
  • Tribuna Arancio 164 – 55 € = 35 200 тг

Италияда орташа айлық жалақы 1 570 000 теңге шамасында. Осыған қарап отырсақ, тіпті ең қымбат орталық сектордың өзі айлық табыстың 2–3% ғана тең. Бұл – италиялық жанкүйер үшін қалыпты сома.

Қазақстандағы билет бағасы

Қазақстандағы «Реалға» қарсы өткен матчта билет бағасы:

  • 30 мың теңгеден бастап 250 мың теңгеге дейін сатылды.

Бұдан бөлек, көптеген билетті алыпсатарлар алып, халыққа екі есе қымбатқа қайта ұсынды. Тіпті, ойын күні “Орталық” стадионының алдында билеттерді 8 миллион теңгеге сатқандар да болды.

Ал елдегі шынайы орташа жалақы шамамен 100 мың теңге екенін ескерсек, матчқа бару қарапайым жанкүйер үшін айлық табысының үштен бірін, тіпті бірнеше есесін жұмсауды талап етеді. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары