ӘЧ-2026 финалына билеттердің бағасы жарияланды
Жарнама
Жарнама
Футболдан АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне билеттердің бағасы белгілі болды.
Мундиаль билеттерінің құны
The Athletic дерегінше, ең қымбат билет құны 6 730 доллар (шамамен 3 млн теңге). Ал ең арзан финалдық билет – 2 030 доллар.
Алдын ала деректерге сәйкес, топтық кезең ойындарына билеттер мынадай бағада сатылады:
- Категория 1: $410 – $620
- Категория 2: $310 – $465
- Категория 3: $140 – $215
- Категория 4: $60 – $105
Финалға белгіленген билеттердің категориясы
Финалдық матчқа билеттер мынадай деңгейде ұсынылады:
- Категория 1: $6730
- Категория 2: $4210
- Категория 3: $2790
- Категория 4: $2030
Жарнама
Жарнама