Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстан мен Әзербайжан футболдан әлем чемпионатын қабылдайды

Сарапшы, спорт журналисі
02.10.2025, 22:30

ФИФА ресми сайтының хабарлауынша, 2027 жылы футболдан 20 жасқа дейінгі ұлттық құрамалар арасындағы әлем чемпионатын Өзбекстан мен Әзербайжан бірлесіп өткізеді. Бұл шешім Цюрихтегі ФИФА кеңесінің отырысында қабылданды.

caspianpost.com
Реклама
Реклама

Турнирді қабылдайтын елдер

ФИФА-ның шешімі бойынша екі посткеңестік мемлекет – Өзбекстан мен Әзербайжан алдағы жастар әлем чемпионатының қожайыны атанды. Бұл қос елдің футбол инфрақұрылымы соңғы жылдары айтарлықтай дамып, халықаралық турнирлерге дайын екенін көрсетті.

27 қыркүйекте Чилидің төрт қаласында (Сантьяго, Вальпараисо, Ранкагуа, Талька) жастар арасындағы 24-ші әлем чемпионаты басталды. Дәстүр бойынша турнир екі жыл сайын ұйымдастырылады және әлем футболындағы жаңа жұлдыздардың шығуына жол ашады.

Қазіргі чемпион

2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған – Уругвай U-20 құрамасы. Финалда олар Италияны 1:0 есебімен тізе бүктіріп, алтын кубокты иеленген. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары