Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды

Сарапшы, спорт журналисі
02.10.2025, 21:42

2006 жылғы әлем чемпионы Фабио Каннаваро Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға келісім берді. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

PRO KZ SPORT
Реклама
Реклама

Келісімшарт туралы

Романоның мәліметінше, 52 жастағы италиялық маман 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасын алаңға бастап шығады. Команда бұған дейін турнирге жолдама алған болатын.

Тараптар келісімшарттың негізгі шарттарын талқылап, толық келісімге келді. Ресми қол қою рәсімі 24-48 сағат ішінде өтеді деп күтілуде.

Каннавароның бапкерлік жолы

Футбол тарихындағы ең беделді қорғаушылардың бірі саналатын Каннаваро ойыншы мансабын аяқтаған соң, бапкерлікке бет бұрды. Ол әр жылдары мынадай клубтарды басқарды:

  • «Гуанчжоу Эвергранд» (Қытай)
  • «Әл-Наср» (Сауд Арабиясы)
  • «Беневенто» (Италия)
  • «Удинезе» (Италия)

Соңғы жұмыс орны – Загребтің «Динамо» клубы. Ол жерден италиялық маман 2025 жылдың сәуір айында кеткен еді.

Өзбекстан құрамасы және 2026 жылғы әлем чемпионаты

Өзбекстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысу құқығын жеңіп алды. Команданы осы жетістікке жетелеген бас бапкеп Тимур Кападзе жұмыс іздеу үстінде. Тіпті Қазақстанда өзін сынап көруге де қарсы емес. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары