Бапкердің ойынша басты фаворит оның бұрыңғы клубы.
«Пари Сен-Жерменнің» бас бапкері Луис Энрике Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің 2-турында «Барселонаны» (2:1) жеңгеннен кейін турнирдің басты фавориті туралы пікір білдірді.
«Мен үшін „Барселона“ — Чемпиондар Лигасында жеңіске жетудің басты фавориті. Олар тамаша ойнайды, бұл турнирдің басы ғана. Аз ғана командалардың осындай айқын ойындық идентичтігі бар. Өткен маусымда біз жалпы кезеңді қай орында аяқтағанымызды еске алыңыздар. Күмәнім жоқ, „Барселона“ да, үміттенемін біз де, Чемпиондар Лигасын жеңуге басты үміткерлердің қатарындамыз. Нағыз тартыс плей-офф кезеңінде басталады, ол кезде әр команданың қалай ойнайтынын көреміз», — деп келтіреді Энрикенің сөзін Marca басылымы.
Келесі турда француздық гранд германиялық «Байермен» кездеседі. Ал «сине-гранаттылар» гректің «Олимпиакосына» қарсы ойнайды. Екі матч та 21 қазанда өтеді.
Opta суперкомпьютерінің жаңартылған есептеуіне сәйкес, турнирдегі басты фаворит – «Арсенал». Олардың жеңіске жету ықтималдығы 18,1% деп бағаланған. Екінші орында «Ливерпуль» (14,7%), үшінші сатыда «ПСЖ» (14%). Алдыңғы бестікке сондай-ақ «Манчестер Сити» (9,7%) мен «Бавария» (9,5%) кірді.
Алтыншыдан оныншы орынға дейінгі командалар: «Барселона» (8,2%), «Реал» (5%), «Интер» (3,7%), «Челси» (3,5%) және «Ньюкасл» (3,1%).
Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы париждік “ПСЖ”.