Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Каннавароның Өзбекстан құрамасындағы жалақысы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
03.10.2025, 12:51

Еуропаның үлкен клубтарын жаттықтыратын бапкерлер шамамен осындай қаражат алады.

Фабио Каннаваро
Реклама
Реклама

Италиялық маман мен Өзбекстан футбол федерациясы келісімшарттың негізгі талаптары бойынша ортақ мәмілеге келді делінген. Ресми құжаттарға қол қою алдағы 24-48 сағат ішінде күтіледі. Каннаваро 1 жылдық келісімшарт бойынша 2 миллион Еуро жалақы алады деген ақпарат бар.

Каннаваро туралы ақпарат

Фабио Каннаваро – әлем футболының аңызы. Ол Италия құрамасының сапында 2006 жылғы әлем чемпионы атанып, сол жылы «Алтын допты» иеленген. Клубтық мансабында «Интер», «Ювентус», «Реал Мадрид» сынды алпауыттарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде Қытайдың «Гуанчжоу Эвергранд», «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубтарын, Сауд Арабиясының «Әл-Насрын», Қытай ұлттық құрамасын, сондай-ақ Италияның «Беневенто» мен «Удинезе» клубтарын басқарған. Соңғы жұмыс орны – Хорватияның «Динамо Загреб» командасы.

Енді Каннаваро Өзбекстан құрамасын 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіне дайындамақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары