Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының жаңа жаттықтырушылар штабы таныстырылды

Сарапшы, спорт журналисі
07.10.2025, 21:31

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкерлік құрамы ресми түрде жарияланды. 

instagram/@kff
Реклама
Реклама

Бас бапкердің міндетін кім атқарады

Ұлттық құраманың бас бапкері міндетін Талғат Байсұфинов атқаратын болды. Оған көмекші ретінде Иван Азовский, Марат Еслямов, Әли Әлиев және Елдос Ахметов тағайындалды. Қақпашылар бапкері қызметін Олег Воскобойников атқарады, ал физикалық дайындық бойынша маман — Максим Зуев. Сонымен қатар бапкер-сарапшы ретінде Могамед Нозадзе құрамға қосылды.

Қазан айындағы маңызды кездесулер

Қазақстан құрамасы қазан айында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі матч өткізеді.

10 қазанда Астанада біздің құрама Лихтенштейнмен ойнайды.

Ал 13-тен 14 қазанға қараған түні Скопьеде Солтүстік Македония құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұл кездесулер Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионатына іріктеу науқанындағы шешуші сынақтардың бірі болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары