Солтүстік Македония футбол федерациясы 2026 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңі аясында өтетін Солтүстік Македония – Қазақстан матчының билеттер бағасын жариялады.
Кездесу 13 қазаннан 14 қазанға қараған түні Скопье қаласында өтеді. Бұл ойын Қазақстан құрамасы үшін қонақтағы маңызды сынақ болмақ.
Федерация мәліметінше, билеттер үш баға санатында сатылуда:
Жанкүйерлер билеттерді онлайн және стадион кассаларынан сатып ала алады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы бұл кездесуге дейін 10 қазанда Астанада Лихтенштейнмен ойнайды.
Қазіргі уақытта жағдай келесідей:
Лихтенштейн – бес матчта бірде-бір ұпай жинамаған;
Солтүстік Македония – 11 ұпаймен J тобының көшбасшысы;
Қазақстан – 3 ұпаймен төртінші орында тұр.