Жартылай қорғаушы Рақымжан Розыбақиев ММА спортшысы Қуат Хамитовтың мәлімдемесіне жауап қайтарды.
Еске сала кетсек, Куат Хамитов Қазақстан құрамасының Лихтенштейнге қарсы 4:0 есебімен жеңісінен кейін (2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі) өз пікірін білдіріп, қарсылас тым әлсіз екенін айтқан болатын.
«Бұл жеңіске қатты қуанудың қажеті жоқ. Мен өзім жалғыз-ақ Лихтенштейн құрамасын жеңе алар едім», — деген еді файтер.
Бұл сөздерге Рақымжан Розыбақиев бейжай қарамады. Ол kzsports инстаграм парақшасындағы жазба астында спортшыға былай деп пікір қалдырды:
«Өзіңнің қапталдан берген пастарыңды да өзің голға айналдырасың ба, бәріне үлгеретін Хамит Қуатов?» — деп жазды футболшы ирониямен.
Желі қолданушылары футболшының бұл пікірін қызу талқылап, кейбірі қолдау білдірсе, енді бірі екі спорт түрін салыстырудың орынсыз екенін атап өтті.
Рақымжан Розыбашиев Қазақстан футболында тәжірибелі ойыншы ретінде танымал. Ол «Қайрат», «Тобыл», «Ақтөбе», және «Оқжетпес» секілді командаларда өнер көрсеткен.
2020 жылы Қазақстан жастар құрамасы (U-21) сапында жалғыз матч өткізіп, Украинамен жолдастық кездесуде (1:4) алаңға шыққан.
Қазір жартылай қорғаушы Ресейдің Медиалигасында ойнап жүр.