Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Польшалық маман Қазақстанның болашақ бапкері туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:22

Айтуынша, Михал Пробеж ұлттық құрама үшін жақсы нұсқа.

Михал Пробеж
Реклама
Реклама

«Астана-1964» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы әрі агент Павел Хайдучек Михал Пробеж Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне лайық екенін айтты.

«Отандас болғанымыз үшін ғана Пробежді мақтайын деп тұрғаным жоқ, бірақ ол шынында жақсы бапкер. Ол тез арада Польшаның жоғары лигасына дейін жетіп, «Ягеллониямен» екі трофей жеңіп алды, «Краковияда» тәртіп орнатып, ұлттық құраманы басқарды. Біліксіз маман мұндай деңгейге жете алмас еді.

Михалдың өзі бұрын футболшы болғандықтан, ойыншыларға өте талапшыл — бұл оның басты артықшылығы. Пробеж тәжірибелі ойыншылармен де, жастармен де жақсы жұмыс істей алады. Сондай-ақ ол әрдайым өз командасының мінезімен ерекшеленіп, әр сантиметр үшін күрескенін қалайды. Бұл Қазақстан құрамасы үшін жақсы нұсқа», — деді Хайдучек.

Айта кетейік, БАҚ мәліметінше, ҚФФ 53 жастағы поляк маманның кандидатурасын қарастырып жатыр. 2023 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың маусымына дейін ол жергілікті құраманы басқарған.

Пробеждің тұсында белгілі шабуылшы Кшиштоф Пентек «Краковиядан» «Дженоаға» ауысса, қақпашы Бартломей Дронговский «Ягеллониядан» «Фиорентинаға» өтті. Бапкер ретінде ол 570 матч өткізіп, соның 230-ында жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары