Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Мәселе тек ойындарда емес": Байсуфинов бүгінгі ойынға қатысты пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:46

Бас бапкердің айтуынша, құрама бүгінгі ойынға максималды дайын болады.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Солтүстік Македонияға қарсы өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчына қатысты пікір білдірді.

“Біз ертеңгі ойында да, одан кейінгі соңғы турда да мүмкіндігінше көп ұпай жинау үшін күресеміз. Мәселе тек ойындарда емес, құраманың рейтингінде де. Біз Македонияның мықты команда екенін және бұл матчтың олар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, бірақ біз де оң нәтиже көрсету үшін барымызды саламыз.

 

Лихтенштейнмен өткен ойында сәттерді жүзеге асыру бізге қарсы болды, ал ертең бәрі керісінше болады деп үміттенемін. Астанадағы алғашқы матчта Қазақстан көптеген мүмкіндіктерді пайдалана алмады, бірақ қазір жүзеге асыру деңгейі жоғары. Біз бар күшімізді саламыз, өз есебіміз бар,” — деді Байсуфинов.

Естеріңізге салсақ, ұлттық құрама кезекті ойынын бүігн түнде, Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді. 6 ойыннан кейін Балқан мемлекеті 12 ұпаймен бірінші орында келеді, ал Қазақстан 6 ұпаймен 4-ші орында.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары