"Ақтөбе" ойыншысы 15 жасында өмірден өтті

Сарапшы, спорт журналисі

Футболшының әжесі және немере ағасы да дүниеден өткен.

"Ақтөбе" ойыншысы 15 жасында өмірден өтті
Сурет: ашық дереккөздерден

 

«Ақтөбе» футбол клубы өзінің жас ойыншысы Арон Мұсаның өмірден өткенін хабарлады. 15 жастағы спортшы QJ League турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының қорғаушысы болған.

Клубтың ресми мәлімдемесінде:

«Кеше, QJ League турнирінде ойнайтын “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да дүниеден өтті. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Аро №15 — сен әрдайым жүрегіміздесің!» — делінген.

Қайғылы оқиғаға байланысты клуб пен жанкүйерлер отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір