Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

көз жұмды

Бұл тегте спорт әлеміндегі қайғылы жағдайлар туралы жаңалықтар жинақталған: футболшылар, боксшылар, балуандар, ММА жауынгерлері, шахматшылар мен триатлоншылардың, сондай-ақ төреші, жаттықтырушы, журналист және жанкүйерлердің өмірден өтуі.
Ойыннан тыс

Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай қылмысқа күдіктіні іздеуге көмек сұрады

Каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай Қызылордада болған қайғылы жол-көлік оқиғасына байланысты көпшіліктен көмек сұрады.

Жаңалықтар

Мексикада рестлер 75 жастағы төрешіні рингте өлтіріп алды

Идальго штатында өткен рестлинг шоуы қайғылы оқиғамен аяқталды. 75 жастағы төреші Херардо Херман Пинеда рестлер Ихо де Фишман қолданған әдістен кейін рингте қайтыс болды

Жекпе-жек

33 жасында көз жұмған боксшымен қоштасу рәсімі өтті

АҚШ-та пуэрто-риколық боксшы Причард Колонмен қоштасу рәсімі өтті.

Жаңалықтар

Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды

Хорхе Месси 68 жасында өмірден өтті.

Футбол

"Порту" академиясының түлегі жүгіріп бара жатқан жерінен көз жұмды

Дәрігерлер ойыншының өміріне араша түсуге тырысқанымен Усалифа Инди оқиға орнында қайтыс болған. 

Жаңалықтар

Танымал спортшы жол апатынан қаза тапты

"Уақыт әміршісі" деген лақап атпен белгілі мексикалық рестлер Темпо жекпе-жекке бара жатқан жолда көз жұмды.

Жаңалықтар

Балаларды құтқармақ болған қырғызстандық ММА файтері қаза тапты

Қырғызстандық аралас жекпе-жек шебері Медет Жээналиев Ыстықкөлде суға батып бара жатқан балаларды құтқару кезінде көз жұмды.

Жаңалықтар

Ironman жарысында триатлоншы қайтыс болды

Бразилиялық триатлоншы Мара Флавия Араужо АҚШ-та өткен Ironman турнирі кезінде көз жұмды. 

Футбол

Эквадорда футбол матчы кезінде төрешіні атып өлтірді

Эквадорда әуесқой футбол матчы кезінде қайғылы оқиға тіркелді.

Жаңалықтар

Қазақстанда хоккей матчында ойыншы көз жұмды (ВИДЕО)

Қарағандыда әуесқой хоккей ойыны кезінде бір ойыншы кенеттен тіл тартпай кетті. 

Футбол

ПАОК-тың жеті жанкүйері Францияға бара жатып жол апатынан қаза тапты

Тағы төрт жанкүйер жарақат алған екен. Қайғылы оқиға Румыния жерінде болған.

Жаңалықтар

"Гигант" лақап атымен танылған бодибилдинг чемпионы 48 жасында көз жұмды

Италияның танымал бодибилдері Андреа Лорини Брешиа провинциясындағы үйінде жансыз күйде табылды. 

Футбол

Португалиялық футболшы ойын кезінде көз жұмды

Португалия футболында қаралы жағдай тіркелді.

Жаңалықтар

Гроссмейстер есірткіден уланып көз жұмды

АҚШ-тың 29 жастағы шахматшысы Дэниэл Народицкийдің өлімі есірткі қолданғаннан кейінгі уланумен байланысты болуы мүмкін.

Футбол

Қазақстанда ойнаған танымал футболшы қаза болды

Мәскеулік ЦСКА клубының және Қазақстан командаларының бұрынғы футболшысы Лайонель Адамс қайтыс болды, деп хабарлайды Starhit.

Жаңалықтар

Энтони Джошуа қатысқан жол апатының себебі белгілі болды

Нигерияда экс-әлем чемпионы Энтони Джошуа отырған Lexus көлігі қатысқан ауыр жол апатының алдын ала себебі жарияланды. Оқиға 2025 жылғы 29 желтоқсанда Лагос–Ибадан тасжолында, Огун штатындағы Макун маңында болған. 

Жаңалықтар

Танымал ММА жауынгері өзенге батып кетті

Бразилияда ММА спортшысы Джеронимо дос Сантос суға түсу кезінде қайғылы жағдайда көз жұмды. Оқиға Манаус қаласының маңындағы Риу-Негру өзенінде болған.

Жаңалықтар

Мас деп ойлаған: Алматыда бокстан жаттықтырушы көз жұмды

Алматыда 26 жастағы жаттықтырушы қайтыс болды. Ол ауыр халде ауруханаға емес, алдымен айықтырғышқа (вытрезвитель) жеткізілгенінен кейін тіл қатпай кетті. 

Футбол

«Қайрат» түлегінің өліміне қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Хан-Тәңірі» ФК 19 жастағы ойыншысы Диас Төлеудің қазасына байланысты алғашқы ресми ақпарат таратты. Жас футболшы Қазақстанның Бірінші лигасы аясындағы матч кезінде кенеттен өзін жайсыз сезініп, алаң үстінде есінен танып қалған еді.

Футбол

«Қайрат» түлегі өмірден өтті

Қазақстан футболында орны толмас қаза. «Хан-Тәңірі» клубының жас шабуылшысы, «Қайрат» академиясының түлегі Диас Төлеу 19 жасында дүниеден өтті.