ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Португалиялық футболшы ойын кезінде көз жұмды

Португалия футболында қаралы жағдай тіркелді.

Португалиялық футболшы ойын кезінде көз жұмды
people.onliner.by

Алаңдағы қасірет

"Монкарапашенсе" клубының 27 жастағы қорғаушысы Нассур Басем матч барысында есінен танып, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан аман қалмады. Оқиға Алгарве футбол қауымдастығы кубогының ширек финалында "Иморталға" қарсы ойында болды.

Мәліметтерге сүйенсек, футболшы кездесудің 27-минутында қарсылас команда орындығы маңында өзін жайсыз сезініп, кенеттен құлаған.

Алаңдағы қасірет

Клубтың медициналық штабы бірден алғашқы көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын бастаған. Кей деректерде стадионда бар дефибриллятор да қолданылғаны айтылады. Алайда жедел жәрдем келгеннен кейін де футболшыны құтқару мүмкін болмады.

Дәрігерлер қанша уақыт күресті?

Журналистік дереккөздер стадионнан ауруханаға жеткізу уақыты шамамен 18 минут болғанын жазады. Бірақ медициналық мекемеде оның қайтыс болғаны расталған.

Нассур Басем — негізінен сол қаптал қорғаушысы ретінде танылған футболшы. Оның мансабында Португалияның бірнеше клубы бар. Ашық дереккөздерде ол әр жылдары "Маритиму", сондай-ақ өзге командаларда ойнаған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.