Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Энтони Джошуа қатысқан жол апатының себебі белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Нигерияда экс-әлем чемпионы Энтони Джошуа отырған Lexus көлігі қатысқан ауыр жол апатының алдын ала себебі жарияланды. Оқиға 2025 жылғы 29 желтоқсанда Лагос–Ибадан тасжолында, Огун штатындағы Макун маңында болған. 

Энтони Джошуа қатысқан жол апатының себебі белгілі болды
bbc.com

Не болды?

Ресми мәліметтерге сәйкес, Джошуа артқы орында отырған қара түсті Lexus жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Боксшы жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, жағдайы тұрақты деп бағаланған.

The Guardian жазғандай, Нигерияның жол қауіпсіздігі қызметі (FRSC) жүргізген алдын ала тексеріс Lexus көлігі рұқсат етілген жылдамдықтан жоғары жүрген болуы мүмкін екенін көрсеткен. Көлік озып өту маневрі кезінде басқарудан айырылып, қозғалмай тұрған жүк көлігіне соғылған.

Сондай-ақ, аталған материалда жол қозғалысын қадағалау органының өкілі Бабатунде Акинбийи алғашқы зерттеу нәтижелерінде көлік Лагостан Сагамуға қарай қозғалған сәтте шамадан тыс жылдамдық салдарынан дөңгелегі жарылып, содан кейін басқару жоғалғанын айтқаны келтіріледі.

Бұл — алдын ала қорытынды. Тергеу толық аяқталған соң ғана түпкілікті баға беріледі.

Қаза тапқандар кім?

Апат салдарынан Джошуаның командасындағы екі адам көз жұмды:

  • Сина Гами — спортшының күштік және жалпы дене дайындығы бойынша бапкері
  • Кевин Латиф Айоделе (Латц) — Джошуаның жеке жаттықтырушысы

Екеуі де Джошуамен ұзақ жылдар бірге жұмыс істеп, жақын ортасына кіргені айтылады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір