Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бибісара Асаубаева 2025 жылды қорытындылады: Блицтегі әлем чемпионының жылы қалай өтті?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның үздік шахматшыларының бірі Бибісара Асаубаева 2025 жылдың қорытындысын жасап, жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Бибісара Асаубаева 2025 жылды қорытындылады: Блицтегі әлем чемпионының жылы қалай өтті?
sportnews.kz

Instagram-дағы жазба

Жыл соңында спортшылар үшін ең жауапты кезеңнің бірі – өткен маусымға көз жүгіртіп, жаңа мақсаттарды айқындау. Асаубаеваның әлеуметтік желідегі жазбасы да дәл осы көңіл күйді аңғартады. Ол 2025 жылы есте қалған кадрларды бөлісіп, жанкүйерлерінің қолдауын ерекше атап өтті.

Дохадағы тарихи жеңіс: блицтен әлем чемпионы

Еске салайық, күні кеше Бибісара Асаубаева блиц шахматтан әлем чемпионы атанды. Әлемдік дода Катардың Доха қаласында өткен.

Финалда қазақстандық шахматшы украиналық Анна Музычукты жеңіп, шешуші партияларда мықтылығын дәлелдеді. Бұл нәтиже Асаубаеваның халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте айқындады.

Асаубаеваның блиц тарихы: 2021, 2022 және енді 2025

Бибісара үшін блиц – жеке брендіне айналған формат деуге болады. Себебі ол бұған дейін де 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль алған еді. Ал 2025 жылғы чемпиондық – оның тұрақтылығы мен тәжірибесінің нақты көрсеткіші.

ФИДЕ әйелдер циклі: жалпы есепте көш бастады

Маусымның тағы бір маңызды жаңалығы: ФИДЕ-нің әйелдер турнирлері циклінде (2024–2025 маусымы) Бибисара жалпы есепте бірінші орын иеленді. Бұл жетістік оған 2026 жылғы Үміткерлер турниріне тікелей жолдама алуға мүмкіндік берді.

Бибісараның 2025 жылғы көрсеткіші бірнеше тұрғыдан бағалы:

  • Қазақстан шахматының халықаралық деңгейдегі мәртебесін көтерді
  • Блиц форматында әлемдік элитаға тұрақты түрде енетінін дәлелдеді
  • 2026 жылғы Үміткерлер турниріне тікелей іріктеліп, жаңа биікті көздеді
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір