Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әлия Юсупова 2025 жылғы отандық гимнастиканы қорытындылады

Сарапшы, спорт журналисі

Афина-2004 және Бейжің-2008 Олимпиадаларының қатысушысы, белгілі қазақстандық гимнаст Әлия Юсупова 2025 жылы Қазақстанның Ұлттық гимнастика федерациясы қандай табыстарға жеткенін атап өтті. 

Әлия Юсупова 2025 жылғы отандық гимнастиканы қорытындылады
instagram/@aliya_yussupova15

Спорттық гимнастика: Әлем кубогындағы 10 алтын

Юсупова спорттық гимнастикадағы басты көрсеткіштердің бірі ретінде Әлем кубогы кезеңдеріндегі 10 алтын медальды ерекше атады.

Оның айтуынша Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов ат снаряды (қол тіреп айналу) жаттығуларында әлемдік рейтингтің көшбасшылары қатарында. Милад Карими еркін жаттығуда және кермеде әлем кубогының жеңімпазы атанды. 

Азия чемпионатында командалық жарыста қола медаль иелену және әлем чемпионаты финалдарына шығу ұлттық құраманың деңгейі жоғары екенін дәлелдеді.

Көркем гимнастика: юниорлар арасында әлем чемпионы шықты

Көркем гимнастикада 2025 жылдың ең үлкен жаңалығы ретінде Юсупова Ақмарал Ерекешеваның жетістігін атап өтті. Ол юниорлар арасында әлем чемпионы атанып, үш бірдей медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Әлем кубогы кезеңдеріндегі жүлделер, Азия чемпионатындағы медальдар, жеке және топтық жаттығулардағы тұрақты нәтиже Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын нығайтты.

Акробатика және батут: Азия алтыны, әлемдік рейтингтегі көшбасшылық

Юсупова басқа бағыттарды да назардан тыс қалдырмады. Спорттық акробатика әлем ойындарының финалына шығу, Азия чемпионатындағы алтын медаль. 

  • Даниил Мұсабаев / Никита Тумаков жұбы синхронды секіру бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді;
  • басқа да қазақстандық дуэттердің жүлделі орындарға тұрақты ілігіп жүргені айтылды.

Юсупова 2025 жылы төрешілер корпусын дамыту, оқыту және білім беру бағдарламаларын кеңейту жұмыстары қатар жүргенін жеткізді.

Сонымен бірге ол федерацияны қолдаған демеушілерге алғыс білдірген.

Алда — Азия ойындары

Юсупованың сөзінше, келесі маусымның ең маңызды додасы — Азия ойындары.

«Қазақстан құрамасы жоспарлы түрде жұмысын жалғастырып, жаңа белестерге ұмтылуын тоқтатпайды», — деп қорытындылады ол.

Сондай-ақ Исламиададағы жеңістен кейін қазақстандық шпагашылардың келесі жарысы Әлем кубогы болатыны белгілі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір