Тағы төрт жанкүйер жарақат алған екен. Қайғылы оқиға Румыния жерінде болған.
27 қаңтар күні Румыниядағы тас жолдардың бірінде қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан грек футбол клубы ПАОК-тың жеті жанкүйері қаза тапты. Жанкүйерлер отырған шағын автобус жүк көлігін басып озу кезінде онымен соқтығысқан.
Skai басылымының хабарлауынша, апат салдарынан қаза тапқан жеті адамнан бөлек, тағы үш адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ішінде он жолаушысы бар шағын автобус Грекиядан Францияға, Еуропа лигасы аясындағы «Лион» мен ПАОК арасындағы матчқа бара жатқан.
Қайғылы оқиға шағын автобус басып озу маневрін жасауға тырысқан сәтте болған. Алайда көлік өз жолағына қайта үлгермей, қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Аталған дерек бойынша қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды.
Ал «Лион» – ПАОК матчы 30 қаңтарға қараған түні өтеді.