АПЛ мен ЧЛ жеңімпазы қазақстандық клубпен келіссөз жүргізуде

Сарапшы, спорт журналисі

"Челси" клубының екінші экс-ойыншысы ҚПЛ клубында өнер көрсетуі мүмкін. 31 жастағы қорғаушы Ағылшын Премьер-лигасын екі рет жеңіп алған.

АПЛ мен ЧЛ жеңімпазы қазақстандық клубпен келіссөз жүргізуде
Сурет: ашық дереккөзден

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы тәжірибелі орталық қорғаушы Курт Зуманы өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып отыр. 31 жастағы француз футболшысы Қазақстанға көшуге қарсы емес, алайда негізгі мәселе – қаржылық талаптар. Зума жылына шамамен 350 мың еуро жалақы мен бонус сұрап отыр.

Келіссөздер сәтті аяқталған жағдайда, қорғаушы "Қайсар" сапында бұрын "Челси" клубында ойнаған Виктор Мозеспен бірге өнер көрсетуі мүмкін. Айта кетейік, Зума бұған дейін бірнеше қазақстандық клубтарға, оның ішінде "Ордабасыға" да ұсынылған, алайда шымкенттік команда трансферден бас тартқан.

Зуманың мансабы жайлы

Франциялық қорғаушы әр жылдары "Сент-Этьен", "Сток Сити", "Эвертон", "Вест Хэм", "Аль-Оруба" клубтарында ойнаған. Соңғы рет Румынияның ЧФР командасында өнер көрсетіп, төрт матчтан кейін өзара келісіммен кеткен. Ал "Челси" сапында ол екі мәрте АПЛ чемпионы атанып, Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогын жеңіп алған.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір