Қазақстанда ойнаған танымал футболшы қаза болды

Сарапшы, спорт журналисі

Мәскеулік ЦСКА клубының және Қазақстан командаларының бұрынғы футболшысы Лайонель Адамс қайтыс болды, деп хабарлайды Starhit.

Қазақстанда ойнаған танымал футболшы қаза болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Жуырда ғана БАҚ-та ЦСКА тәрбиеленушісі Лайонель Адамсты Звенигородта соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған еді. Ал бүгін футболшы Мәскеу облысында терезеден құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды.

Жаңа жыл қарсаңында Адамс атысқа тап болған. Мәскеу облысындағы демалыс орындарының бірінде оған он адам шабуыл жасаған. Досы — махачкалалық «Динамоның» қақпашысы Тимур Магомедовпен бірге олар әуелі үйде ішімдік ішіп, кейін «ДеньНочь» буфетіне барған. Сол жерде белгісіз жанжалқойлармен төбелес шығып, артынша бір топ адам Адамс пен Магомедовқа оқ атқан. Сол кезде Лайонель жарақат алғанына қарамастан, полицияға арыз жазудан және соққы іздерін тіркетуден бас тартқан.

Желтоқсан айындағы оқиғадан кейін 31 жастағы футболшы бірнеше оқ жарақатымен ауруханада жатуы тиіс болған. Алайда ол медициналық мекемеден рұқсатсыз шығып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін ЦСКА-ның бұрынғы ойыншысы Магомедовтың үйінде қонақта болған кезде Мәскеу облысындағы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін алған жарақаттарынан көз жұмды. Оқиға орнында жедел қызметтер мен тергеу комитетінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Футболшы жауапсыз махаббаттан көз жұмды

Лайонель Адамстың денесі Звенигородтағы биік тұрғын үйдің маңынан табылды. Достарының айтуынша, футболшы жауапсыз махаббаттың салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Алайда спортшының анасы ұлының өлтірілгенін алға тартып отыр.

Мария Викторовнаның айтуынша, Лайонель оқиға алдында оған хабарласуға тырысқан, бірақ ол кезде анасы телефонды көтере алмаған. Кейін қайта қоңырау шалғанда, Адамс тұтқаны көтермеген. Желтоқсан айында анасы ұлын ауруханада көре алмаған: келген кезде дәрігерлер жігіттің қашып кеткенін айтқан.

Адамс еліміздің бірқатар клубтарында ойнаған

Лайонель Адамс кәсіби мансабын мәскеулік ЦСКА-да бастап, Ресейдің «Енисей», «Волга» және «КАМАЗ» клубтарында ойнады. Кейін Қазақстанның бірқатар командаларында — «Каспий» (Ақтау), «Тұран» (Түркістан), «Жетісу» (Талдықорған) және «Шахтер» (Қарағанды) сапында өнер көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір