Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайрат" – "Пафос" матчы: Санаулы минуттан кейін билеттер сатылымға шығады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:18

Кездесу 21 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Zakon.kz
Реклама
Реклама

Футбол жанкүйерлері үшін көптен күткен хабар — Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы матчқа билеттер бүгіннен бастап сатыла бастады. 

Кездесу 21 қазан күні сағат 21:45-те Алматының орталығында орналасқан Орталық стадионда өтеді. Бұл ойын — жалпы кезеңнің маңызды кездесулерінің бірі.

Клубтың ресми дерегінше, билеттердің бағасы жалпы кезеңдегі барлық ойындарға бірдей деңгейде сақталған және УЕФА-мен келісілген: Яғни 30 000 мен 250 000 теңге аралығында болады. 

Фото: sportilinet

Билеттерді Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қосымшалары арқылы онлайн сатып алуға болады.

Естеріңізде болса, қыркүйекте мадридтік “Реалға” қарсы өткен ойында билеттер 1 сағаттың ішінде сатылып кеткен еді. Сонымен қатар, матч күні жанкүйерлер стадионға дер кезінде кіре алмай болатын. 

Айта кетейік, алматылық ұжым қазір турнилік кестенің ең соңында тұр. Бірде-бір ұпайы жоқ. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары