Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қайрат» Чемпиондар лигасына билеттердің «ақылға сыймас» бағасын өзгертпеді

Сарапшы, спорт журналисі
13.10.2025, 16:36

Чемпиондар лигасы ойынына билеттер бұрынғыдай қымбат.

instagram.com/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

 

30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін

Алматыдағы «Қайраттың» Чемпиондар лигасында өз алаңындағы екінші ойынына билеттер сатыла бастаған сәттен-ақ жанкүйерлер арасында қызу талқылау басталды. Себебі клубтың билет саясаты өзгеріссіз қалды. Бағалар өткен матчтардағыдай «жоғары деңгейде».

Кипрдің «Пафос» клубына қарсы өтетін ойын Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші туры аясында өтеді. 

«Қайрат» — «Пафос» кездесуіне билеттердің құны секторға қарай бөлінеді:

  • Батыс трибунасы – 30 000, 150 000 және 250 000 теңге
  • Шығыс трибунасы – 75 000 теңге
  • Солтүстік трибунасы (қақпа артында) – 30 000 және 75 000 теңге
  • Оңтүстік трибунасы (қақпа артында) – 30 000 және 75 000 теңге

Бұл бағалардан кейін әлеуметтік желілерде жанкүйерлердің наразылығы байқалды. Көпшілік мұндай жоғары баға отандық футболда бұрын-соңды болмағанын атап өтуде.

«Қайраттың» шешімі және жанкүйерлер реакциясы

Клуб әзірге билет құнына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Бірақ сарапшылардың пікірінше, мұндай баға саясаты Еуропалық деңгейдегі имидж қалыптастыру мен қаржылық тәуелсіздікті арттыру мақсатын көздеуі мүмкін.

Алайда көптеген жанкүйерлер мұндай шешімнің кері әсерін айтуда. Олардың сөзінше, жергілікті аудиторияға бағытталған ойындарда әлеуметтік қолжетімділік бірінші орында болуы тиіс.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары