Британдық басылым “Манчестер Сити” қорғаушысы, өзбекстандық Абдуқодир Хусановтың жарақаттан кейінгі жағдайына тоқталып, оның алаңға қайта шығатын нақты уақытын атады.
“Манчестер Сити” жанкүйерлері үшін жақсы жаңалық. Команданың жас жұлдызы, әмбебап қорғаушы Абдуқодир Хусанов жақын күндері алаңға қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы Англияның беделді басылымы Standard.co.uk хабарлады.
Бас бапкер Пеп Гвардиола бұған дейін өзбек ойыншысының жарақат алғанын растап, оның үш матчтан тыс қалатынын айтқан болатын. Бұл жарақат “Арсеналға” қарсы өткен тартысты ойында орын алған еді. Дәл сол кездесуде Габриэл Мартинеллидің соңғы минуттағы голы “Ситиге” жеңісті жұлып әкетуге мүмкіндік бермеді.
Хусанов сол матчта оң қорғаушы ретінде өнер көрсеткен. Одан кейін бұл позицияны Рико Льюис пен Матеуш Нуньес алма-кезек атқарды.
Осы уақытқа дейін өзбек футболшысы үш ойыннан шет қалған — оның ішінде “Брентфордқа” қарсы кездесу мен ұлттық құраманың матчы да бар.
Басылымның хабарлауынша, Хусанов денсаулығын толық қалпына келтіріп, енді 18 қазанда “Эвертонға” қарсы өтетін үй кездесуінде алаңға шығуы әбден мүмкін.