
Чемпиондар лигасы ойынына билеттер бұрынғыдай қымбат.
Алматыдағы «Қайраттың» Чемпиондар лигасында өз алаңындағы екінші ойынына билеттер сатыла бастаған сәттен-ақ жанкүйерлер арасында қызу талқылау басталды. Себебі клубтың билет саясаты өзгеріссіз қалды. Бағалар өткен матчтардағыдай «жоғары деңгейде».
Кипрдің «Пафос» клубына қарсы өтетін ойын Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші туры аясында өтеді.
«Қайрат» — «Пафос» кездесуіне билеттердің құны секторға қарай бөлінеді:
Бұл бағалардан кейін әлеуметтік желілерде жанкүйерлердің наразылығы байқалды. Көпшілік мұндай жоғары баға отандық футболда бұрын-соңды болмағанын атап өтуде.
Клуб әзірге билет құнына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Бірақ сарапшылардың пікірінше, мұндай баға саясаты Еуропалық деңгейдегі имидж қалыптастыру мен қаржылық тәуелсіздікті арттыру мақсатын көздеуі мүмкін.
Алайда көптеген жанкүйерлер мұндай шешімнің кері әсерін айтуда. Олардың сөзінше, жергілікті аудиторияға бағытталған ойындарда әлеуметтік қолжетімділік бірінші орында болуы тиіс.