Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Галатасарай" жанкүйерлері Ғалымжан Кенжебекті қалайды

Сарапшы, спорт журналисі
14.10.2025, 14:34

Түркияның әйгілі клубы «Галатасарайдың» фан-аккаунты қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебекті скауттардың назарына ұсынды. Түрік жанкүйерлері енді жас ойыншының әлеуетіне ерекше қызығушылық танытып отыр.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Соңғы уақытта қазақстандық футболшыларға шетел клубтарының қызығушылығы жиілеп келеді. Бұл жолы 22 жастағы жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек көзге түсті.

Танымал түрік клубы «Галатасарайдың» жанкүйер парақшасы әлеуметтік желіде арнайы жазба қалдырып:

«Ғалымжан Кенжебек — бақылауға тұрарлық футболшы. Жасы небәрі 22-де», — деп жазған.

Бұл жазба қысқа болса да, түрік жанкүйерлері арасында үлкен пікірталас тудырды. Көпшілігі қазақ футболшысының ойынын талқылап, оның ойын қарқыны мен техникалық дайындығын жоғары бағалаған.

Айта кетейік 

Ғалымжан Кенжебек соңғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында «Елімай» сапында тұрақты ойын көрсетіп жүрген жас футболшылардың бірі. Ол өз шеберлігін тек ел чемпионатында ғана емес, халықаралық кездесулерде де танытып үлгерді.

Сондықтан болар, "Бавария" Қазақстан құрамасының шабуылшысына қызығып отырғанын хабарлаған едік. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары