Билет сату платформасы таңертеңнен бері істемей тұр. Көптеген жанкүйер сатып алу әрекетін жасағанымен жүйе қате хабарламасын шығарады немесе сайт мүлде ашылмайды.
Таңнан бері онлайн-сервис «жатып қалған». Бұл жағдай билеттер сатылымға шыққаннан кейін бірнеше сағат өткен соң болды. Айта кетейік, Чемпиондар лигасының Алматыдағы ойынына билет сатылымы алдын ала басталған еді.
Алайда сатылым басталған сәттен-ақ техникалық ақаулар мен жоғары бағаға байланысты шағымдар көбейді.
Билеттердің құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жеткен. Бұл көптеген жанкүйерлердің наразылығын тудырды.
Әлеуметтік желілерде футбол сүйер қауым билеттердің қолжетімсіз екенін айтып, ұйымдастырушыларды сынға алды.
Кейбір қолданушылар тіпті әзіл ретінде:
«Сайт істемей тұрған себебі – ұйымдастырушылар бағаларды тез арада өзгертіп жатыр», — деп жазды.