Танысың болмаса, кәсіпқой деңгейде футбол ойнау қиын екен.
Белгілі спорт журналисі Бексұлтан Кеулімқос жақында ұлттық құрама сапында дебют жасап, алғашқы голын соққан Дінмұхамед Қараман туралы ойын білдірді. Оның айтуынша, Қараман бала кезінен басқалардан ерекшеленетін.
Бірақ Олжас Байбосынның айтуынша, ҚПЛ-де агентің болмаса, ойнап ашылу өте қиын екен.
“Қазақстан Премьер-лигасында ойнап кету үшін өте жақсы агенттің қолына түсу керек. 12-15 жасында керемет ойнады ма, бір бөлек ол. 20 жасында Премьер-лигада ойнамай кеткен ойыншылар көп жалпы, Бірінші лигамен аяқтап кеткендер. Барлығы таныс арқылы ғой, білесіңдер өздеріңде. Анау бапкер бір футболшыны біледі, себебі ол оның командасында ойнаған. Демек, басқа командаға барса, сол ойыншыны алған ыңғайлы оған, себебі бұрын жұмыс істеген, бір бірінің мінездерін біледі. Бір бірін жақсы түсінеді,” – деді Олжас Байбосын.
Естеріңізге салсақ, Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездескен болатын. Есепті алғашқы болып ұлттық құрамамыз ашқанмен, балқандықтар жауапты голды айып добынан салып кетті. Біздің құрама да жалғыз гол авторы “Жеңіс” клубының жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман.