Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Отаным шақырса – дайынмын»: Байсуфинов ұлттық құрамада қала бермек

Сарапшы, спорт журналисі
15.10.2025, 13:42

Талғат Байсуфинов осы жылдың соңына дейін Қазақстан құрамасын жаттықтыруды жалғастырады.

Талғат Байсуфинов. Фото: ҚФФ
Реклама
Реклама

Fonteam youtube-арнасының жүргізушісі Әлімжан Асқар Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов жайлы маңызды ақпарат айтты.

“Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы ойындар күтіп тұр. Менің ойымша Талғат Байсуфинов сол екі ойында болу керек. Одан кейін тағы отырып шәй ішіп, келесі циклды талқылау қажет. Біріншіден, Талғат Маруаұлы өзі қалап тұрма, әрі қарай осы қарқында тоқтаусыз жұмыс істеуге.

Мен ол кісіден “Сіз дайынсыз ба” деп сұраған едім. Ол былай жауап берді: «Отан шақырса – дайынмын», деп жауап берді.” – деді Әлімжан Асқар.

Еске салсақ, Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың уақытша бас бапкері болып үшінші рет тағайындалып отыр. Осыған дейін ол 2016 және 2022 жылдары ұлттық құраманы екі рет тізгіндеген.

Қыркүйектің соңында үшінші рет тізгінді қолына ұстаған Байсуфинов Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы екі ойын өткізіп, төрт ұпайға ие болды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары