Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайрат" Ғалымжан Кенжебекті қайтарып алмақ

Сарапшы, спорт журналисі
15.10.2025, 12:38

Алматылық "Қайрат" клубы өз түлегі Ғалымжан Кенжебекті қайта қатарға қосуды жоспарлап отыр.

Ғалымжан Кенжебек. Фото: ҚФФ
Реклама
Реклама

Белгілі дереккөздердің хабарлауынша, келіссөздер қысқы трансферлік терезе кезінде жандана түсуі ықтимал. Ғалымжан Кенжебек "Қайрат” академиясының тәрбиеленушісі. Клуб басшылығы соңғы айларда шабуыл шебін күшейту бағытында бірнеше нұсқаны қарастырып, ішінен өз түлегін қайтару идеясын ең басым бағыт ретінде белгілеген көрінеді. Команда қазіргі таңда жас әрі серпінді форвардқа зәру, ал Кенжебек бұл сипатқа толық сай келеді.

Бұған дейін Ғалымжан Кенжебекке елордалық "Астана" клубы да назар аударған болатын. Тіпті кей ақпарат көздері екі клуб арасындағы ықтимал алмасу келісімі туралы да айтқан, онда Бауыржан Исламханның есімі де аталған. Алайда соңғы деректерге сүйенсек, енді "Қайрат” ойыншыны қайтару ісін белсенді түрде қолға алмақ.

Дереккөздерге сүйенсек футболшы маусымның екінші жартысында негізгі құрамда жиі ойнай алатын командаға баруды қалайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары