Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстанның кесірінен Қазақстан жастар құрамасының бапкері қызметінен кетті

Сарапшы, спорт журналисі
15.10.2025, 15:49

Денис Мамонов аға бапкер қызметінен кететінін мәлімдеді. 

Денис Мамонов. Фото: ҚФФ
Реклама
Реклама

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Өзбекстан жастар құрамасына қарсы өткен екі жолдастық матчты қорытындылады.

"Біз Ташкентте Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткіздік. Мұндай мүмкіндік кезінде екі ойындық форматты таңдадық, себебі біздің жігіттерге халықаралық тәжірибе қажет. Сонымен қатар құрамның әлеуетін тексеріп, барлық футболшыға ойын тәжірибесін бергіміз келді."

Мамоновтың айтынша, Андоррадан ұтылып қалу жас футболшыларға ауыр соққы болды:

"Өкінішке қарай, екі матчта да жеңіліп қалдық. Бапкерлік штаб ойыншылардың көңіл-күйіне Андоррадағы ауыр жеңілістің қатты әсер еткенін сезді. Жігіттер Андоррадағы матчты аяқтап, Өзбекстанға қарсы алғашқы ойында жанкүйерлерді қуантқысы келді. Алайда ойын соңында гол жіберіп, 0:1 есебімен жеңілдік. Екінші ойында қарсыласқа алғашқы минуттардан бастап қысым көрсетуге тырыстық. Жылдам гол соқтық, бірақ ойын барысында құрған сәттерімізді пайдалана алмай, тағы да есе жібердік."

Бапкер өз шешімін Өзбекстан мен болған екінші ойыннан кейін футболшыларға жариялағанын айтты:

"Екінші матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде мен команданың аға жаттықтырушысы қызметінен кететінімді жарияладым. Ойыншыларға кәсібилігі үшін алғысымды айтып, Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне сәттілік және қазіргі жағдайдың тезірек оңалуын тіледім," - деді Денис Мамонов.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары