Сергей Семактың айтуынша, "Қайраттың" ойындарын көріп жүр екен.
Санкт-Петербургтің "Зенит" клубының бас бапкері Сергей Семак "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы ойындарына назар аударып жүргенін айтты.
"Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы ойындарын бақылайсыз ба? деген сұраққа Семак былай жауап берді:
"Иә, қараймыз, бақылап жүрміз. Команданың Чемпиондар лигасында ойнап жүргені қуантады.” – деді ол.
Сонымен қатар Семакқс қазақ клубының жетістігіне іштей қызғаныш бар ма? және өзіңіз Чемпиондар лигасын сағындыңыз ба? деген сұрақтар қойылды.
"Жоқ, ешкімге, ешнәрсеге қызғанышым жоқ. Еврокубоктарға да сағыныш жоқ. Қазір бар назарымыз өзіміздің жұмысымызда.” – деді "Зенит" жаттықтырушысы "Чемпионат” сайтына берген сұхбатында.