УЕФА Қазақстан құрамасының екі голына назар аударды (ВИДЕО)
15.10.2025, 21:43
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің Лихтенштейн қақпасына соққан екі голына ерекше назар аударды.
Instagram/@kff_team
10 қазан күні Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Кездесуде Кенжебек алыстан бағыттаған екі дәл соққысымен көзге түсіп, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды.
УЕФА-ның ресми X (бұрынғы Twitter) парақшасында қазақстандық футболшының екі алыстан соққан голы бейнеленген видео жарияланды. Видеоның астында былай деп жазылған:
«Ғалымжан Кенжебек: көшірмедей екі соққы».
Желі қолданушылары мен жанкүйерлер Кенжебектің шеберлігіне тәнті болып, оның ойын мәнерін жоғары бағалады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама