
Бұл жаза 8 қыркүйекте Ақтөбеде өткен Қазақстан U-21 және Англия жастар құрамалары арасындағы матчтағы тәртіп бұзушылықтарға байланысты тағайындалды.
УЕФА-ның тәртіптік комитеті ҚФФ-ны екі себеп бойынша кінәлі деп тапты:
Нәтижесінде ұйым Қазақстанға 8 750 еуро (шамамен 5,5 млн теңге) көлемінде айыппұл салды.
Бұл ойын Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында өткен. Кездесу 2:0 есебімен Англия құрамасының пайдасына аяқталды. Қонақтар сапында голдарды Итан Нванери мен Джоб Беллингем соқты.
Қазір Қазақстан жастар құрамасы өз тобында бесінші орында келеді. Командада 3 ұпай бар және олар тек Андорраны (3 ұпай) алға жібермей тұр.