
Белгілі The Guardian ағылшын басылымы 2008 жылы туған ең үздік 60 жас футболшының тізімін жариялады.
Бұл тізімге алғаш рет қазақстандық ойыншы – «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев енді. Айта кетсек, жас футболшының трансферлік құқығы ағылшынның «Челси» клубына тиесілі. Бұл оның халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанының айқын дәлелі.
The Guardian тізімінде Сәтпаевпен қатар Еуропаның әйгілі клубтарында ойнап жүрген көптеген жас дарындар бар. Олардың арасында:
Дастан Сәтпаев соңғы маусымда «Қайраттың» құрамында ерекше көзге түсті. Жылдамдығы, техникасы мен ойын көрегендігі арқылы ол ел чемпионатында үздік жас ойыншылардың бірі ретінде танылды.