Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Черчесов: "Қазақстан құрамасының 4 қорғаушымен ойнауы - біздің бастамамыз"

Сарапшы, спорт журналисі
17.10.2025, 10:53

Қазақстан құрамасын былтыр баптаған ресейлік маман бұрынғы жұмысы жайлы пікір білдірді.

Станислав Черчесов. ҚФФ
Реклама
Реклама

Ресей бапкерінің айтуынша, Ұлттар лигасында түскен топ Қазақстан үшін деңгейлері өте биік құрамдар.

“Сол кездегі федерация президенті Әділет Барменқұловпен келіссөз үстеліне отырғанда, Ұлттар лигасының жеребесі әлдеқашан тартылып қойған еді: Норвегия, Австрия, Словения – бұлар жай ғана Еуро-2024-ке қатысқан емес, табысты өнер көрсеткен командалар, әрі құрамында Холланд ойнайтын команда да бар. Мұндай жағдайда сен команда құрамын және деңгейін байыппен бағалай білуің керек.”

Станислав Саламұлы құраманың соңғы ойындарын да зерттеп шыққанын алға тартты:

“Мен Қазақстан құрамасы менің келуіме дейін өткізген матчтарды қарап шықтым – соңғы бес ойында команда түгел жеңіліске ұшыраған, оның ішінде Люксембург, Әзірбайжан және Армения құрамаларынан да ұтылған... Сол сәтте-ақ біздің қай деңгейде тұрғанымызды түсіндім.

Иә, бұл – Ұлттар лигасы. Кейбіреулер оны бағаламайды, бірақ бұл турнир дәл осындай кездесулер үшін құрылған – жолдастық матч іздеп әуре болмау үшін, тұрақты жарыстық ортаны қамтамасыз ету үшін. Мен ол кезде де айттым, қазір де қайталаймын: Ұлттар лигасы – жаңа команданы іріктеу циклдарына дайындау үшін қажет турнир. Ол ұпай үшін жанталасу емес, команда қаңқасын қалыптастыру алаңы.”

Төрт қорғаушы жүйесіне де ауысу – болашаққа қойылған жүйелі өзгерістің бір екенін де айтып өтті:

“Егер мен тек нәтижеге ғана ұмтылған болсам, мүмкін, біз ұпай жинар едік, бірақ уақыт жоғалтатын едік. Ал осылайша біз жігіттерді дайындадық, құрамдағы жаңа ойыншыларды сынап көрдік, жүйені өзгерттік, төрт қорғаушымен ойнайтын сызбаға өттік, іргетасын қаладық.

Қазір Қазақстан құрамасы үшін екі гол соққан кім? Кенжебек — ол менің қол астыма келгенде дебют жасаған. Бұл – көрсеткіш. Менің арқамнан емес, істің дұрыс басталғанының дәлелі.

Бүгінгі матчпен ғана өмір сүрмеу керек, алға – іріктеу турниріне көз тігу қажет,” – деді Станислав Черчесов.

Естеріңізге салсақ, Станислав Черчесов ұлттық құраманы 2024-ші жылы баптай бастаған еді. Ресейлік бапкердің қол астында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, бір ғана ұпай жинай алды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары