Шабуылшы алдағы уақытта Түркия чемпионатына ауысып кетуі мүмкін.
Шабуылшы алдағы уақытта "Галатасарай" жейдесін киіп қалуы ықтимал. Түрік ұжымы келесі жазда Роберттің келісім шарты аяқталуын күтетін болады. Шабуылшының “Барсадағы” уақыты келгенде, “Галатасарай” полякты барынша өз қатарына қосуға күш салады.
Қазіргі сәтте 37 жастағы футболшы Литваға қарсы кездесуде алған жарақатын емдетуде. Дәрігерлердің пайымдауынша, Роберт бір айдан кейін қайта қатарға қосылуы керек екен.
Ла Лиганың осы маусымында Левандовский Ханси Флик командасында 7 матч өткізіп, 4 гол соқты.
Польшалық шабуылшының орнына каталондықтар Эрлинг Холанд, Душан Влахович немесе Лаутаро Мартинесты шақыру ойы бар. Егерде Холанд пен Лаутароны таңдайтын болса, “Манчестер Сити” немесе “Интер” ұжымдарына үлкен қаражат төлеу қажет болады. Ал Лаутароны еркін агент ретінде шақыруды жөн көріп отырған секілді.