Бразилиялық жұлдыз АҚШ-қа қоныс аударады деген қауесет бар.
Кезінде «Барселонаның» атағын аспандатқан Месси, Суарес және Неймар триосы қайта бірігуі мүмкін.
33 жастағы Неймар мансабын АҚШ-та, нақтырақ айтқанда Мессидің клубы — «Интер Майамиде» жалғастыруға дайын екен. Егер бұл трансфер жүзеге асса, футболдағы ең үлкен камбэктердің бірі болары сөзсіз.
Бір кездері бұл үштік үш маусымда 364 гол соғып, 173 нәтижелі пас берген еді.
Соңғы жылдары жарақаттар мен тұрақсыздық Неймарды жиі тоқтатты. 2017 жылдан бері ол 200-ден астам матчқа қатыспады. Бразилиялық жұлдыз соңғы жылдары ПСЖ-дан Сауд Арабиясына, одан кейін туған клубы «Сантосқа» оралғанымен, ойыны жүрмеді.
Сондықтан оның Месси мен Суареспен қайта қауышуы — мансапты жаңа деңгейге көтерудің соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін.